2024 жылдың 5 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарудың негізгі функциялары:

-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Басқарма 2024 жылдың 5 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 489 хабарлама қабылдады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26% - ға артық                   (389 хабарлама), 207 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28% - ға артық (162 хабарлама).

Басқармаға 2024 жылдың 5 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 867 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 306 (35%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 561 (65%) бас тартылды, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 34% - ға артық (649 акт, 373 (57%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 276 бас тартылды (43%).

2024 жылдың 5 айында Басқарма 17 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.

2024 жылдың 5 айында заңнаманы бұзғаны үшін 99 әкімшілік іс қозғалды:

- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 11 іс (4 541 160 теңге, 312-бап);

- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 4 іс (2 805 920 теңге, 314-бап);

- ЖСҚ және сараптамасыз, 18 іс (5 556 460 теңге, 316-бап);

- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 2 іс (930 384 теңге, 317-бап);

- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 2  іс (2 769 000 теңге, 317-1-бап);

- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 4 іс (1 698 320 теңге, 318-бап);

- үлестік құрылыс, 2 іс (2 215 200 теңге, 320-бап);

- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 23 іс (7 714 434 теңге, 321-бап);

- заңсыз пайдалану, 3  іс (155 064 теңге, 323-бап);

- ескертусіз құрылыс, 2 іс (212 520 теңге,  463-бап);

- лицензиялау нормаларын бұзу, 28 іс (3 396 640 теңге, 464-бап).

Қозғалған әкімшілік істер бойынша 31 995 102 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 23 815 246 теңге салды (өндіріп алу 23 281 752 теңгені немесе 98% құрайды, қалған 2% ЖСО-ға жіберілді), сот 8 179 856 теңге салды.

2024 жылдың 5 айында 486 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 360 мемлекеттік қызмет, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 60% - ға артық (226 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 125 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0.8% - ға аз (126 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 1 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 100% - ға артық (куәліктер берілмеген).

Дата публикации
18 июня 2024