Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма 2024 жылдың 4 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 349 хабарлама қабылдады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19% - ға артық (294 хабарлама), 122 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4% - ға артық (117 хабарлама).
Басқармаға 2024 жылдың 4 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 718 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 308 (43%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 410 (57%) бас тартылды, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 31% - ға артық (547 акт, 184 (34%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 363 бас тартылды (66%).
2024 жылдың 4 айында Басқарма 5 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.
2024 жылдың 4 айында заңнаманы бұзғаны үшін 89 әкімшілік іс қозғалды:
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 10 іс (1 956 760 теңге, 312-бап);
- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 4 іс (2 805 920 теңге, 314-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 16 іс (4 891 900 теңге, 316-бап);
- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 1 іс (465 192 теңге, 317-бап);
- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 2 іс (2 769 000 теңге, 317-1-бап);
- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 3 іс (1 513 720 теңге, 318-бап);
- үлестік құрылыс, 1 іс (1 107 600 теңге, 320-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 20 іс (6 977 880 теңге, 321-бап);
- заңсыз пайдалану, 2 іс (155 064 теңге, 323-бап);
- ескертусіз құрылыс, 2 іс (212 520 теңге, 463-бап);
- лицензиялау нормаларын бұзу, 28 іс (3 396 640 теңге, 464-бап).
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 26 252 196 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 21 764 340 теңге салды (өндіріп алу 21 299 148 теңгені немесе 98% құрайды, қалған 2% бойынша айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі сәйкес келмеді), сот 4 487 856 теңге салды.
2024 жылдың 4 айында 394 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 291 мемлекеттік қызмет, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 56% - ға артық (187 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 103 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7% - ға аз (109 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 1 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 100% - ға артық (куәліктер берілмеген).