Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма 2024 жылдың 3 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 207 хабарлама қабылдады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37% - ға артық (151 хабарлама), 74 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11% - ға аз (83 хабарлама).
Басқармаға 2024 жылдың 3 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 549 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 228 (41%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 321 (59%) бас тартылды, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 37% - ға артық (394 акт, 118 (30%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 276 бас тартылды (70%).
2024 жылдың 3 айында Басқарма 5 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.
2024 жылдың 3 айында заңнаманы бұзғаны үшін 72 әкімшілік іс қозғалды:
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 7 іс (1 587 560 теңге, 312-бап);
- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 4 іс (2 067 520 теңге, 314-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 10 іс (2 824 380 теңге, 316-бап);
- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 1 іс (465 192 теңге, 317-бап);
- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 2 іс (2 769 000 теңге, 317-1-бап);
- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 3 іс (1 513 720 теңге, 318-бап);
- үлестік құрылыс, 1 іс (320-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 13 іс (4 688 840 теңге, 321-бап);
- заңсыз пайдалану, 2 іс (323-бап);
- ескертусіз құрылыс, 2 іс (212 520 теңге, 463-бап);
- лицензиялау нормаларын бұзу, 26 іс (2 997 904 теңге, 464-бап).
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 19 126 636 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 16 639 844 теңге салды (өндіріп алу 13 747 162 теңгені немесе 83% құрайды, қалған 17% бойынша айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі сәйкес келмеді), сот 2 486 792 теңге салды.
2024 жылдың 3 айында 267 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 210 мемлекеттік қызмет, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 57% - ға артық (134 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 57 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34% - ға аз (86 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша куәліктер берілмеді.