2024 жылдың 2 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарудың негізгі функциялары:

-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Басқарма 2024 жылдың 2 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 143 хабарлама қабылдады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 52% - ға артық                   (94 хабарлама), 47 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17% - ға аз (57 хабарлама).

Басқармаға 2024 жылдың 2 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 405 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 162 (40%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 243 (60%) бас тартылды, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 62% - ға артық (250 акт, 69 (29%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 181 бас тартылды (71%).

2024 жылдың 2 айында Басқарма 6 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.

2024 жылдың 2 айында заңнаманы бұзғаны үшін 52 әкімшілік іс қозғалды:

- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 7 іс (1 587 560 теңге, 312-бап);

- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 3 іс (2 067 520 теңге, 314-бап);

- ЖСҚ және сараптамасыз, 7 іс (1 864 460 теңге, 316-бап);

- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 2  іс (2 769 000 теңге, 317-1-бап);

- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 1 іс (92 300 теңге, 318-бап);

- үлестік құрылыс, 1 іс (320-бап);

- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 10 іс (3 876 600 теңге, 321-бап);

- заңсыз пайдалану, 2  іс (323-бап);

- ескертусіз құрылыс, 2 іс (212 520 теңге,  463-бап);

- лицензиялау нормаларын бұзу, 17 іс (348 894 теңге, 464-бап).

Қозғалған әкімшілік істер бойынша 12 818 854 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 10 538 814 теңге салды (өндіріп алу 8 343 920 теңгені немесе 79% құрайды, қалған 21% бойынша айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі сәйкес келмеді), сот 2 194 894 теңге салды.

2024 жылдың 2 айында 187  мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 145 мемлекеттік қызмет, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 61% - ға артық (89 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша  42 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20% - ға аз (53 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша куәліктер берілмеді.

Дата публикации
12 марта 2024