Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма 2024 жылдың 1 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 62 хабарлама қабылдады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 88% - ға артық (33 хабарлама), 24 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33% - ға артық (18 хабарлама).
Басқармаға 2024 жылдың 1 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 196 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 88 (45%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 108 (55%) бас тартылды, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 44% - ға артық (136 акт, 39 (29%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 97 бас тартылды (71%).
2024 жылдың 1 айында Басқарма бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізбеді.
2024 жылдың 1 айында заңнаманы бұзғаны үшін 29 әкімшілік іс қозғалды:
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 6 іс (1 476 800 теңге, 312-бап);
- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 3 іс (314-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 4 іс (1 255 280 теңге, 316-бап);
- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 1 іс (923 000 теңге, 317-1-бап);
- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 1 іс (92 300 теңге, 318-бап);
- үлестік құрылыс, 1 іс (320-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 9 іс (3 507 400 теңге, 321-бап);
- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 2 іс (207 000 теңге, 322-бап);
- заңсыз пайдалану, 2 іс (323-бап);
- ескертусіз құрылыс, 2 іс (463-бап);
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 7 254 780 теңге сомасына айыппұл салынды, өндіріп алу 7 254 780 теңге немесе 100% құрайды.
2024 жылдың 1 айында 66 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 50 мемлекеттік қызмет, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 32% - ға артық (38 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 16 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20% - ға аз (20 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша куәліктер берілмеді.