Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма 2023 жылдың 11 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 1079 хабарлама қабылдады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14% - ға аз (1253 хабарлама), 556 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 43% - ға аз (979 хабарлама).
Басқармаға 2023 жылдың 11 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 1662 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 727 (44%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 935 (56%) бас тартылды, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 17% - ға аз (2002 акт, 604 (30%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 1395 бас тартылды (70%).
2023 жылдың 11 айында Басқарма 47 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.
2023 жылдың 11 айында заңнаманы бұзғаны үшін 281 әкімшілік іс қозғалды:
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 18 іс (13 347 000 теңге, 312-бап);
- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 17 іс (12 903 000 теңге, 314-бап);
- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 4 іс (301 875 теңге, 315-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 73 іс (26 371 800 теңге, 316-бап);
- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 14 іс (5 471 700 теңге, 317-бап);
- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 6 іс (6 037 500 теңге, 317-1-бап);
- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 7 іс (1 259 250 теңге, 318-бап);
- жерсіз заңсыз құрылыс, 4 іс (294 975 теңге, 319-бап);
- үлестік құрылыс, 22 іс (18 388 500 теңге, 320-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 88 іс (24 081 000 теңге, 321-бап);
- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 2 іс (207 000 теңге, 322-бап);
- заңсыз пайдалану, 5 іс (279 450 теңге, 323-бап);
- нұсқамаларды орындамау, 1 іс (1 531 500 теңге, 462-бап);
- ескертусіз құрылыс, 20 іс (1 197 150 теңге, 463-бап);
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 111 671 700 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 64 499 475 теңге салды (өндіріп алу 60 959 775 теңге немесе 95% құрайды, қалған 5% бойынша айыппұлды ерікті төлеу мерзімі әлі келген жоқнемесе ЖСО-ға жіберілді), сот 47 172 225 теңге салды.
2023 жылдың 11 айында 876 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 596 мемлекеттік қызмет, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6% - ға аз (559 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 276 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12% - ға артық (244 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 4 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 60% - ға аз (10 мемқызмет).