2023 жылдың 10 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарудың негізгі функциялары:

-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Басқарма 2023 жылдың 10 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 954 хабарлама қабылдады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18% - ға аз (1166 хабарлама), 500 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 44% - ға аз (885 хабарлама).

Басқармаға 2023 жылдың 10 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 1375 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 669 (49%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 706 (51%) бас тартылды, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 23% - ға аз (1776 акт, 552 (31%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 1224 бас тартылды (69%).

2023 жылдың 10 айында Басқарма 46 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.

2023 жылдың 10 айында заңнаманы бұзғаны үшін 244 әкімшілік іс қозғалды:

- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 15 іс (10 932 000 теңге, 312-бап);

- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 17 іс (12 903 000 теңге, 314-бап);

- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 3 іс (258 750 теңге, 314-бап);

- ЖСҚ және сараптамасыз, 58 іс (22 300 800 теңге, 316-бап);

- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 13 іс (5 037 000 теңге, 317-бап);

- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 5 іс (6 037 500 теңге, 317-1-бап);

- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 7 іс (1 259 250 теңге, 318-бап);

- жерсіз заңсыз құрылыс, 4 іс (294 975 теңге, 319-бап);

- үлестік құрылыс, 22 іс (17 353 500 теңге, 320-бап);

- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 74  іс (20 424 000 теңге, 321-бап);

- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 2 іс (207 000 теңге, 322-бап);

- заңсыз пайдалану, 6  іс (279 450 теңге, 323-бап);

- нұсқамаларды орындамау, 1 іс (1 531 500 теңге,  462-бап);

- ескертусіз құрылыс, 17 іс (1 136 775 теңге, 463-бап);

Басқарма 55 258 650 теңге сомаға айыппұл салды, сот 44 696 850 теңге айыппұл салды. Өндіріп алу 48 979 650 теңгені немесе 89% құрайды, қалған 11% бойынша айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі келген жоқ.

2023 жылдың 10 айында 781 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 530 мемлекеттік қызмет, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2% - ға аз (513 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша  247 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8% - ға артық (227 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 4 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 60% - ға аз (10 мемқызмет).

Дата публикации
09 ноября 2023