Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма 2023 жылдың 9 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 816 хабарлама қабылдады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22% - ға аз (1041 хабарлама), 441 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 44% - ға аз (782 хабарлама).
Басқармаға 2023 жылдың 9 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 1244 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 604 (48%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 640 (52%) бас тартылды, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 19% - ға аз (1546 акт, 486 (31%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 1057 бас тартылды (69%).
2023 жылдың 9 айында Басқарма 37 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.
2023 жылдың 9 айында заңнаманы бұзғаны үшін 217 әкімшілік іс қозғалды:
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 13 іс (10 242 000 теңге, 312-бап);
- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 16 іс (12 903 000 теңге, 314-бап);
- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 3 іс (258 750 теңге, 314-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 53 іс (19 851 300 теңге, 316-бап);
- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 13 іс (5 037 000 теңге, 317-бап);
- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 5 іс (6 037 500 теңге, 317-1-бап);
- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 3 іс (793 500 теңге, 318-бап);
- жерсіз заңсыз құрылыс, 4 іс (191 475 теңге, 319-бап);
- үлестік құрылыс, 21 іс (16 318 500 теңге, 320-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 66 іс (18 216 000 теңге, 321-бап);
- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 2 іс (207 000 теңге, 322-бап);
- заңсыз пайдалану, 2 іс (124 200 теңге, 323-бап);
- нұсқамаларды орындамау, 1 іс (1 531 500 теңге, 462-бап);
- ескертусіз құрылыс, 15 іс (1 136 775 теңге, 463-бап);
Басқарма 49 290 150 теңге сомаға айыппұл салды, сот 43 558 350 теңге айыппұл салды. Өндіріп алу 42 880 050 теңгені немесе 87% құрайды, қалған 13% бойынша айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі келген жоқ.
2023 жылдың 9 айында 712 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 475 мемлекеттік қызмет, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4% - ға аз (494 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 234 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10% - ға артық (211 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 3 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33% - ға аз (10 мемқызмет).