Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма 2026 жылдың 8 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 809 хабарлама қабылдады, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27% - ға аз (1108 хабарлама), 438 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,2% - ға аз (437 хабарлама).
Басқармаға 2026 жылдың 8 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 1117 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 584 (52%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 533 (48%) бас тартылды, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 13% - ға артық (988 акт, 470 (47%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 518 бас тартылды (53%).
2026 жылдың 8 айында Басқарма 49 бақылау-қадағалау іс-шарасын өткізді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2% - ға артық (48 бақылау-қадағалау іс-шарасы).
2026 жылдың 8 айында заңнаманы бұзғаны үшін 344 әкімшілік іс қозғалды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1 есе көп (97 әкімшілік іс):
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 14 іс (6 920 000 теңге. 312-бап);
- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 1 іс (605 500 теңге. 314-бап);
- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 2 іс (108 126 теңге, 315-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 65 іс (16 789 650 теңге, 316-бап);
- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 5 іс (2 724 750 теңге, 317-бап);
- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 6 іс (5 406 250 теңге, 317-1-бап);
- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 8 іс (1 319 125 теңге, 318-бап);
- үлестік құрылыс, 3 іс (3 243 750, 320-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 20 іс (6 747 000 теңге, 321-бап);
- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 8 іс (1 232 625 теңге, 322-бап);
- заңсыз пайдалану, 6 іс (432 500 теңге, 323-бап);
- нұсқамаларды орындамау, 9 іс (1 167 750, 462-бап);
- ескертусіз құрылыс, 6 іс (45 413 теңге, 463-бап);
- лицензиялау нормаларын бұзу, 190 іс (28 132 042 теңге, 464-бап).
Оның ішінде 190 әкімшілік іс бойынша жарты жылға және 9 лицензиядан айыра отырып лицензиялардың қолданылуы тоқтатылды.
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 72 422 207 теңге сомасына айыппұл салынды, бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,96 есе көп (37 005 370 теңге). Оның ішінде басқарма 70 540 831теңге салды (өндіріп алу 50 529 073 теңгені немесе 72% - құрайды, қалған 28% - ы бойынша айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі жақындаған жоқ немесе ЖСО-ға жіберілді), сот 1 524 563 теңге салды .
2026 жылдың 8 айында 332 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 230 мемлекеттік қызмет, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39% - ға аз (380 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 90 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 43% - ға аз (159 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 12 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100% - ға артық (6 аккредиттеу туралы куәлік).