2026 жылдың 6 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарудың негізгі функциялары:

-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Басқарма 2026 жылдың 6 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 597 хабарлама қабылдады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29% - ға артық                   (845 хабарлама), 331 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6% - ға аз (352 хабарлама).

Басқармаға 2026 жылдың 6 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 918 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 488 (53%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 430 (47%) бас тартылды, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 29% - ға аз (709 акт, 323 (47%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 386 бас тартылды (53%).

2026 жылдың 6 айында Басқарма 39 бақылау-қадағалау іс-шарасын өткізді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% - ға аз (35 бақылау-қадағалау іс-шарасы).

2026 жылдың 6 айында заңнаманы бұзғаны үшін 326 әкімшілік іс қозғалды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7 есе көп (69 әкімшілік іс):

- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 12 іс (4 757 500 теңге. 312-бап);

- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 1 іс (605 500 теңге. 314-бап);

- ЖСҚ және сараптамасыз, 64 іс (16 530 150 теңге, 316-бап);

- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 5 іс (2 724 750 теңге, 317-бап);

- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 3  іс (2 162 500 теңге, 317-1-бап);

- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 3 іс (627 125 теңге, 318-бап);

- үлестік құрылыс, 2 іс (2 162 500, 320-бап);

- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 20 іс (6 747 000 теңге, 321-бап);

- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 6 іс (778 500 теңге, 322-бап);

- заңсыз пайдалану, 6 іс (432 500 теңге, 323-бап);

- нұсқамаларды орындамау, 7 іс (302 750,462-бап);

- ескертусіз құрылыс, 6 іс (45 413 теңге, 463-бап);

- лицензиялау нормаларын бұзу, 190 іс (28 132 042 теңге, 464-бап).

Оның ішінде 190 әкімшілік іс бойынша жарты жылға және 9 лицензиядан айыра отырып лицензиялардың қолданылуы тоқтатылды.

Қозғалған әкімшілік істер бойынша 66 280 706 теңге сомасына айыппұл салынды, бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе көп (25 123 616 теңге). Оның ішінде басқарма 64 756 143 теңге салды (өндіріп алу 49 653 224 теңгені немесе 77% -  құрайды, қалған 23% - ы бойынша айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі жақындаған жоқ немесе ЖСО-ға жіберілді), сот 1 524 563 теңге салды .

2026 жылдың 6 айында 270 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 187 мемлекеттік қызмет, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38% - ға аз (300 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 76 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40% - ға аз (127 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша  7 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16% - ға артық (6 аккредиттеу туралы куәлік).

Дата публикации
29 июля 2026