Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша 2025 жылғы қызметі туралы есеп

Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарудың негізгі функциялары:

-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

2025 жылдың 12 айында 789 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 540 мемлекеттік қызмет, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34% - ға аз (816 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 239 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6% - ға аз (255 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және аккредиттеу туралы куәліктің жобаларын басқару бойынша 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 25% - ға артық (8 мемлекеттік қызмет).

Дата публикации
08 мая 2026