Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
2020 жылдың 12 айында 1053 Мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 733 Мемлекеттік қызмет 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39% - ға артық (526), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 312 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 124% - ға артық (139), жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу бойынша 8 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2019 жылдың.