АУЫЛДАРДЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ

АУЫЛДАРДЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Облыста жалпы халық саны 205 677 адамды құрайтын барлығы 342 ауылдық елді мекен бар.
Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен ауылдық жерлердегі халықтың 97,9% - ы немесе 271 ауыл қамтылған.
2024 жылы ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау бойынша 33 жоба іске асырылды, онда 98,7 км су құбыры желілері салынды және қайта жаңартылды. 29 ауылда суды тазартудың кешенді блок-модульдері орнатылды.
Жыл қорытындысы бойынша ауыл халқының ауыз суға қол жеткізуінің 97,9% көрсеткішіне қол жеткізілді.
Ағымдағы жылы ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау бойынша 7 жобаны іске асыру және 41 ауылда суды тазартудың кешенді блок-модульдерін орнату жоспарланған.
Ауыл тұрғындарын сапалы сумен жабдықтауға қолжетімділікпен 100% қамтуға 2025 жылдың соңына дейін қол жеткізу жоспарлануда.