Еңбек күні қарсаңында Астанада «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары мен еңбек ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Бүгін, 2023 жылғы 22 қыркүйекте Еңбек күні қарсаңында Астанада «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары мен еңбек ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Бұл конкурсты жыл сайын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі еңбек адамдарын танымал ету мақсатында өткізеді және оған үш номинация кіреді: «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас қызметкері».
Біздің облысымыздан Абатов Нұрқаси Төлепбергенұлы «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша 1 орынды иеленді, сондай-ақ еңбек ардагері Мершенова Гүлжан Жұмағалиқызына «Еңбек ардагері» медалі табысталды.