Меню

Страницы

Статья

Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

18 қыркүйекте, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек инспекциясы комитеті Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы М.А. Ахметовтың төрағалығымен Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасының, «МАК» ӨСК» АҚ филиалының өкілдері және облыс кәсіпорындарының жұмыс берушілерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері болды.

Кездесу барысында «МАК» ӨСК» АҚ филиалының директоры Евгения Морозова және Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы бөлімінің прокуроры Алихан Набиолла сөз сөйлеп, аталған саладағы заңнама талаптарының сақталуына қатысты негізгі мәселелерді атап өтті.

Мұндай жұмыс кездесулерін өткізу жұмыс берушілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алуға, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздігі мен әлеуметтік қорғау мәселелеріне назар аударуды күшейтуге ықпал етеді.

Осындай іс-шаралар еңбек құқықтарын тиісінше қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер және ұйымдар арасында сындарлы өзара іс-қимыл орнатуға мүмкіндік береді.

Дата публикации
08 октября 2026
Дата обновления
08 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Сұхбат
09 октября 2026
Жүкті әйелдердің еңбек құқықтары
Ақпарат
08 октября 2026
🔸 Еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
Ақпарат
08 октября 2026
⚖️ Профилактикалық бақылау және қадағалау — мемлекеттік бақылау құралдарының бірі болып табылады. Ол еңбек заңнамасының бұзушылықтарын алдын ала анықтауға және олардың салдарын болдырмауға мүмкіндік береді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы