Елді мекендердің қандай түрлері бар?
Елді мекендер «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, келесі түрлерге бөлінеді:
- кенттер:
Кенттер, оларға халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын елдi мекендер жатады.
Халық саны кемінде 2 мың болатын, жыл сайын емделу және демалу үшiн келетiндердің саны кемiнде олардың жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi. Оларға азаматтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады.
Ауылдар – халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекендер.
Әр категорияда халық саны, инфрақұрылым және экономикалық мәні бойынша нақты критерийлер белгіленген, ал категория өзгерістері Заңның
14-2-бабына сәйкес жүзеге асырылады.