Қарағанды облысының 2023 жылғы қаңтар-қараша айларындағы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімнің көлемі 3 010,4 млрд. теңге немесе республика ЖІӨ-нің 6,4% сомасында қалыптасты.
Өнеркәсіп өнімі 3 138,1 млрд. теңгеге өндірілді.
2023 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде 69,2 млрд. теңгеге 516 жаңа жұмыс орнын құрумен 4 жобаны іске қосу жоспарланған.
3 жоба іске қосылды:
- «Шұбаркөл Премиум АҚ көмір концентратын, брикет және жартылай кокс шығаратын зауыт (Нұра ауданы). Құны 0,5 млрд. теңге, 100 жұмыс орны құрылды. Жобалық қуаты жылына 500 мың тонна;
- «Шұбаркөл көмір» АҚ арнайы кокс өндіру зауыты. Құны 43 млрд. теңге, 261 жұмыс орны құрылды. Жобалық қуаты жылына 60 мың тонна;
- «Saryopan Operating» ЖШС Сарыопан кен орнындағы 1-сұрыпты әк өндіретін зауыты. Құны 20 млрд. теңге, 105 жұмыс орны құрылды. Жобалық қуаты жылына 300 мың тонна.
Жыл соңына дейін 1 жобаны іске қосу жоспарлануда:
- «Sunpaper» ЖШС – қағаз негізіндегі санитарлық-гигиеналық өнімдер өндірісін ұйымдастыру, құны 5,7 млрд. теңге, 50 жұмыс орны.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 458,1 млрд. теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға төмендеді.
Ірі қара мал басы 1,6%-ға (472,9 мың бас), қой – 3,7%-ға (575,4 мың бас), ешкі – 2,1%-ға (159,7 мың бас), жылқы – 11,1%-ға (335,8 мың бас) көбейді, құстар 3,3%-ға (3 531,4 мың бас) азайды.
Ет өндірісі 0,3%-ға (99,8 мың тонна), сүт өндірісі 1,9%-ға (398,7 мың тонна), жұмыртқа – 7,3%-ға (632,4 млн. дана) өсті.
Негізгі капиталға 2022 жылдың тиісті кезеңіне 16,3%-ға өсіммен 727,2 млрд. теңге инвестицияланды.
Құрылыс жұмыстары 32,2%-ға өсіп, 384,2 млрд. теңгені құрады. 397,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 81,6%.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 100 354 бірлікті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 109,7%-ды құрады.
Ішкі сауда бойынша нақты көлем индексі 3 295,3 млрд. теңге көлемімен 107,1% құрады.
Бөлшек сауда айналымы 1 321,2 млрд. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 102,6% құрады, көтерме сауда айналымы –1 964,1 млрд. теңге немесе 110%.
Көлік саласында қызмет көрсету көлемі 324,8 млрд. теңге сомасында қалыптасып, өткен жылдың деңгейіне 11,1%-ға өсті.
2023 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,1%-ды құрады, орташа айлық еңбекақы 19,9%-ға артып (2022 ж. 3 тоқсанымен салыстырғанда), 329,6 мың теңгені құрады.
Инфляция 110,7% денгейінде.
2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша облыс бюджеті 709,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен субвенциялар, несиелер және трансферттер – 56,8%. Әлеуметтік мәселелерді шешуге 362,6 млрд. теңге бағытталды (51,1%), оның ішінде білім беруге – 253 млрд. теңге, денсаулық сақтауға – 21,6 млрд. теңге.
2023 жылдың қаңтар-қараша айларында мемлекеттік бюджетке 559,8 млрд. теңге көлемінде кірістер түсті.