Қарағанды облысының 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Қарағанды облысының 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімнің көлемі 3 010,4 млрд. теңге немесе республика ЖІӨ-нің 6,4% сомасында қалыптасты.

Өнеркәсіп өнімі 2 539,1 млрд. теңгеге өндірілді.

2023 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде 68,7 млрд. теңгеге 416 жаңа жұмыс орнын құрумен 3 жобаны іске қосу жоспарланған.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 352,1 млрд. теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға төмендеді.

Ірі қара мал басы 1,6%-ға (501,2 мың бас), қой – 3,8%-ға (612,5 мың бас), ешкі – 1,8%-ға (164,7 мың бас), жылқы – 10,9%-ға (343,1 мың бас), құстар – 4,7%-ға (3 688,6 мың бас) көбейді.

Сүт өндірісі 1,7%-ға (346 мың тонна), жұмыртқа – 8,9%-ға (514,9 млн. дана) өсті.

Негізгі капиталға 2022 жылдың тиісті кезеңіне 16,5%-ға өсіммен 567,3 млрд. теңге инвестицияланды.

Құрылыс жұмыстары 19,2%-ға өсіп, 303,2 млрд. теңгені құрады. 363,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 102,4%.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 100 448 бірлікті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 114,2%-ды құрады.

Ішкі сауда бойынша нақты көлем индексі 2 503,2 млрд. теңге көлемімен 106,7% құрады.

Бөлшек сауда айналымы 1 049,0 млрд. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 102,4% құрады, көтерме сауда айналымы –1 446,3 млрд. теңге немесе 111,2%.

Көлік саласында қызмет көрсету көлемі 261,4 млрд. теңге сомасында қалыптасып, өткен жылдың деңгейіне 12,1%-ға өсті.

2023 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,1%-ды құрады, орташа айлық еңбекақы 18,3%-ға артып (2022 ж. 2 тоқсанымен салыстырғанда), 343,1 мың теңгені құрады.

Инфляция 108,3% денгейінде.

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыс бюджеті 711,7 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен субвенциялар, несиелер және трансферттер – 56,7%. Әлеуметтік мәселелерді шешуге 362,6 млрд. теңге бағытталды (51%), оның ішінде білім беруге – 253 млрд. теңге, денсаулық сақтауға – 21,6 млрд. теңге.

2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мемлекеттік бюджетке 471,2 млрд. теңге көлемінде кірістер түсті.

Дата публикации
17 октября 2023