Қарағанды облысының 2022 жылғы қаңтар-cәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Қарағанды облысының 2022 жылғы қаңтар-cәуір айларындағы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

 

Жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі 2,1%-ға немесе 7 695,8 млрд.теңгеге қамтамасыз етілді (2021 жыл).

6 негізгі салалардың даму серпінің қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) 103,4%-ды құрады.

Өнеркәсіптік өнім  1 690,6 млрд. теңгеге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,6% өндірілді.

2022 жылы жалпы сомасы 140,8 млрд.теңгеге, 1 498 жаңа жұмыс орнын құрумен 6 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 66,2 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 102,2%.

Ірі қара мал басы 3,3%-ға (795,3 мың бас), жылқы – 14,3%-ға (537,2 мың бас), шошқа – 0,4%-ға (84,5 мың бас), қой – 4,1%-ға (1 103,6 мың бас), ешкі – 3,8%-ға (278,1 мың бас), құс – 3,8%-ға (3711,4 мың бас) көбейді.

Ет өндірісі 34,8 мың тоннаны немесе өткен жылдың тиісті деңгейіне 102,4%-ды, сүт – 115,8 мың тоннаны (103,6%) құрады.

Негізгі капиталға 163,5 млрд. теңге инвестиция құйылды, нақты көлем индексі 72,9%.

Құрылыс жұмыстары 68,8 млрд. теңгеге орындалды, нақты көлем индексі 104,2%.

174,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 108,8%.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2022 жылғы 1 мамырда 97 279 бірлікті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,3% құрады.

2021 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрады, орташа айлық еңбекақы 27,9%-ға артып (2021 ж. 1 тоқсанымен салыстырғанда), 282,2 мың теңгені құрады.

Инфляция 107,7% денгейінде, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 111,9%.

2022 жылдың 1 мамырында жағдай бойынша облыс бюджеті 582 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен субвенциялар, несиелер және трансферттер – 52,6%. Әлеуметтік мәселелерді шешуге 318,2 млрд. теңге бағытталды (54,7%), оның ішінде білім беруге – 231,5 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 16 млрд.теңге. Ағымдағы жылдың қаңтар-cәуір айларындағы мемлекеттік бюджетке 354 млрд. теңге көлемінде кірістер түсті.

Дата публикации
16 мая 2022