Біздің мекемеге ағымдағы жылы бірқатар маңызды іс-шараларды іске асыруға қосымша қаражат қажет. Бұл үшін облыстық бюджеттен қосымша қаражатты қалай бөлуге болады?
Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкес бюджетті жоспарлау бюджет жобасына қандай да бір шығыстарды енгізу қажеттілігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа құжаттар негізінде жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 4-бабы).
Ол үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік сұрау салуды ұсынады (Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 75-бабы).
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі облыстық бюджетті жоспарлау немесе нақтылау кезінде есептермен және негіздемелермен бюджеттік сұрау салуды ұсынған кезде жоғарыда көрсетілген іс-шараны іске асыруға қаражат бөлу мәселесі облыстық бюджет комиссиясының қарауына енгізілуі мүмкін.