Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік

     Қарағанды облысында әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) тетіктерін енгізу және жеке инвестицияларды тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. МЖӘ жобаларын іске асыру кезінде олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарына сәйкестігіне ерекше назар аударылады.

      Бүгінгі таңда Қарағанды облысының портфелінде жалпы сомасы 5,5 млрд теңгені құрайтын 16 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылуда. Қолданыстағы МЖӘ шарттары жеке серіктестердің бастамасымен жүзеге асырылуда және мемлекеттік міндеттемелерді көздемейді.

МЖӘ жобаларының салалық құрылымы:

Денсаулық сақтау саласы — 13 жоба, жалпы сомасы 4,9 млрд теңге, оның ішінде:

       Қарағанды қаласы — 9 жоба, соның ішінде: айына 450 пациентке арналған оңалту орталығы, жылына 80 мың зерттеу өткізетін клиникалық-диагностикалық зертхана, 20 төсектік тәулік бойы қызмет көрсететін нефрологиялық орталық, ауысымына 70 келушіге арналған сәулелік диагностика орталығы, ауысымына 100 келушіге арналған студенттік емхана, 30 орындық экстракорпоралды гемокоррекция орталығы, «Панель орталығы» шағын ауданында ауысымына 350 келушіге арналған емхананың құрылысы және пайдалануға беру.

       Теміртау қаласы — 2 жоба: металлург даңғылы/Момышұлы көшесі мен Республика даңғылы/Абай көшесі аралығындағы 150 келушіге арналған емхана және «Достық төбешігі» шағын ауданындағы 150 келушіге арналған емхана.

        Балқаш қаласы — 1 жоба:  жылына 10 мың зерттеуге арналған бактериологиялық медициналық зертхана.

        Шахтинск қаласы — 1 жоба: «Шахтинск қаласының емханасы» КМК базасында ауысымына 36 келушіге арналған гемодиализ орталығы.

Білім беру саласы — 3 жоба, жалпы сомасы 614,4 млн теңге, оның ішінде:

- Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында 40 орындық балабақша;

- Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында 40 орындық балабақша;

- Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында 75 орындық балабақша.

      МЖӘ жобаларын іске асыру нәтижесінде шамамен 500 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылып, өңір тұрғындарының әлеуметтік көрсеткіштері мен өмір сүру сапасын арттыру қамтамасыз етілді.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін дамыту Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізуде.

Документы
Новости
Полезные материалы
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы