
«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 2026 жылға 108 әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға 1 005,6 млн.теңге сомасында бюджеттік бөлінген (39 - білім беру, 41 - денсаулық сақтау, 6 - мәдениет, 6 - спорт, 6 - агроөнеркәсіптік кешен, 10 - мемлекеттік қызметшілерге).
377 маманға 163,1 млн.теңге көтерме жәрдемақы қарастырылған (196 – білім беру, 91 - денсаулық сақтау, 6 – әлеуметтік қамсыздандыру, 14 - мәдениет, 21 - спорт, 24 - агроөнеркәсіптік кешен, 25-мемлекеттік қызметкерлер).
Ағымдағы жылдың 1 шілде жағдай бойынша 138,4 млн.теңгеге 320 маман көтерме жәрдемақы алды (186 - білім беру, 54- денсаулық сақтау, 2 – әлеуметтік қамсыздандыру, 13 - мәдениет, 8 – спорт, 29 - агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері, 28 – мемлекеттік қызметші).
Қаржыландыру жоспары бойынша бюджеттік кредиттерді төлеу ағымдағы жылдың шілде айынан бастап жоспарланған.