Қарағанды облысының діни бірлестіктер клубының мүшелері №29 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен кездесті.
Кездесу барысында рухани-адамгершілік құндылықтар, діни сенім бостандығы, толеранттылық пен конфессияаралық келісім мәселелері талқыланды. Қатысушылар қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың, түрлі діни көзқарастарға құрметпен қараудың және өзара түсіністік қағидаттарын ұстанудың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ әңгіме барысында адамгершілік қағидаттарының қоғам өміріндегі орны, ортақ құндылықтардың адамдар арасындағы сыйластық пен келісімді нығайтудағы рөлі сөз болды.
Қарағанды қаласында облыстық прокуратура мен облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың өкілдері тұрғындармен кездесіп, олардың құқықтық мәселелері бойынша кеңес беріп, өзекті сұрақтарына жауап берді.
Дін істері басқармасының мамандары да акцияға қатысып, тұрғындарға діни мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға, діни сауаттылықты арттыруға және жат діни идеологияның алдын алуға бағытталған ақпараттық материалдар таратылды.
Конфессияаралық келісімді нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының Қарқаралы ауданына жұмыс сапары ұйымдастырылды.
Сапар аясында тұрғындардың түрлі әлеуметтік топтарының өкілдерімен кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында діни сауаттылықты арттыру, деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу және қоғамда толеранттылық қағидаттарын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Қарқаралы ауданының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған оқыту семинары өткізіліп, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға және профилактикалық жұмыс әдістерін жетілдіруге бағытталған тәжірибелік ұсынымдар берілді.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.
Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.
Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:
«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.
Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.
Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.
Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.
ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.
Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.
БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.
Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.
Қарағанды облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының Осакаров ауданына жұмыс сапары аясында конфессияаралық келісімді нығайтуға, жат діни идеологияның және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізілді. Жұмыс сапары барысында дін саласының сарапшылары халықтың түрлі санаттағы өкілдерімен кездесіп, зайырлы құндылықтарды сақтау, деструктивті діни идеологиялардың таралуына қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ қоғамдағы өзара құрмет пен келісім мәдениетін нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Осакаров ауданының ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің кәсіби құзыреттерін арттыруға ерекше назар аударылды. Олар үшін профилактикалық жұмысты ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, мақсатты аудиториялармен өзара іс-қимылдың тиімді әдістері және ақпараттық-түсіндіру қызметінің өзекті үрдістері қарастырылған оқыту семинары өткізілді.
Қарағанды облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының Нұра ауданына жұмыс сапары аясында конфессияаралық келісімді нығайтуға, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізілді. Жұмыс сапары барысында дін саласының сарапшылары халықтың түрлі санаттағы өкілдерімен кездесіп, зайырлы құндылықтарды сақтау, деструктивті діни идеологиялардың таралуына қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ қоғамдағы өзара құрмет пен келісім мәдениетін нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Нұра ауданының ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің кәсіби құзыреттерін арттыруға ерекше назар аударылды. Олар үшін профилактикалық жұмысты ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, мақсатты аудиториялармен өзара іс-қимылдың тиімді әдістері және ақпараттық-түсіндіру қызметінің өзекті үрдістері қарастырылған оқыту семинары өткізілді.
Қарағандыға Астана және Қазақстан митрополиті Александр, сондай-ақ Грекияның Керкира митрополиясының делегациясы келді. Сапар православие дінін ұстанушылар үшін маңызды оқиғамен байланысты. Керкира аралынан Қазақстанға Тримифунттық әулие Спиридонның оң қолы әкелінді. Қасиетті жәдігер еліміздің 10 қаласына жеткізіледі. Оның Қазақстандағы сапары Қарағандыдан басталды.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде қоғамдағы бейбітшілік пен келісімге қатысты мәселелер талқыланды.

— Біздің кездесулеріміз игі дәстүрге айналды. Бұл — ашық әрі мазмұнды диалогты жалғастырып, қалыптасқан өзара қарым-қатынасты нығайтуға және ортақ мүддеге қатысты мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді. Қарағанды облысы — әртүрлі этнос пен конфессия өкілдері ондаған жыл бойы бейбітшілік пен өзара құрмет жағдайында өмір сүріп келе жатқан өңір. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау — мемлекеттің, діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам институттарының ортақ міндеті, — деді өңір басшысы.

Митрополит Александр ашық диалог үшін алғыс айтып, бұл оқиғаның маңыздылығына тоқталды.
Қарағанды облысының тұрғындары екі күн бойы православие дінінің қасиетті жәдігері — Тримифунттық әулие Спиридонның оң қолына тағзым ете алады. Жәдігер 21 және 22 қыркүйекте Қасиетті Үштік Севастианов соборында (Новая көшесі, 29) болады.
Қарағанды облысының оқушылары үшін Ежелгі Қазақстанның тарихы мен мәдениеті бойынша танымдық тур ұйымдастырылды.
Қатысушылар Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Археология және этнография музейіне және Талды тарихи-археологиялық паркіндегі Қаражартас қорымына барып, Қарағанды облысының тарихи-мәдени мұрасымен танысты.
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
• «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
• «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
• «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
• «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
• «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
• «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
• «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Қарағанды облысында теологтар мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, діни мәселелерді талдаудың әдістемелік тәсілдерін жетілдіру, сондай-ақ хадистерді зерттеу және түсіну бағытындағы білімдерін тереңдету. Семинарда спикер ретінде исламтану саласының PhD докторы, «Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығы» КЕАҚ Консультациялық және диалог орталығының директоры, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Қайрат Құрманбаев сөз сөйледі. Семинар барысында қатысушылар кәсіби білімдерін толықтырып, діни саладағы өзекті мәселелерді талқылауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.