
2025 жылдың 26 наурызында «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай-Басқарма) «Ашық есік күні» акциясы өткізілді, оған Басқармаға қарасты «Қарағанды облысы дін істер басқармасының Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының мәселелерін зерттеу және талдау орталығы» КММ қызметкерлері қатысты. Акцияның мақсаты – қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және азаматтық қоғам институттарын дамыту мәселелеріне белсенді тартуды қамтамасыз ету. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының заңнамасы түсіндірілді.