Терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл

Терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл

Қарағанды облысының дін істері басқармасы қала мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілері, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері мен аудандардың терроризмге қарсы коммиссия инспекторлары арасында "Азаматтардың терроризмге қарсы санасын қалыптастыру" тақырыбында семинар өткізді. Семинар "Терроризмге қарсы комитет" РҚБ төрағасы Оразбаев Аманжол Зейноллаұлы мен "Терроризмге қарсы комитет" РҚБ төрағасының орынбасары Мирманова Ассоль Ербулатовнаның жетекшілігімен өтті. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.