«Рухани келісім күні» мерекесін атап өту аясында Қарағанды қаласындағы «Достық үйінде» Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Үсенұлы Әлденейдің қатысуымен салтанатты шара өтті.
Шараға Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Рыскали Абдикеров, Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Еркара Аймагамбетов, облыс дін ұйымдарының өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен жастар қатысты.
Шара барысында облыс әкімінің орынбасары діни бірлестіер клубының мүшелерін, жоғары оқу орындары арасында өткен облыстық дебат турнирінің жеңімпаздарын және теологтарды алғыс хаттармен марапаттады.
Бағдарлама діни бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының концерттік нөмірлерімен жалғасты.