«Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ «Аманат» қоғамдық бастамалар орталығы» ҚҚ және «Дін және заман» журналының редакциясымен бірлесіп, Қарағанды облысы журналистерінің арасындағы дін саласы және діни экстремизмнің алдын алу мәселелерінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы (БАҚ) үздік жарияланымы байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды. Жалпы жүлде қоры 4 350 000 теңге.
Байқауға қатысу үшін мерзімді баспа басылымдарда жарияланған және эфирге шыққан теле-радио хабарлардың материалдары, сонымен қатар 01.12.2023 ж. бастап 30.11.2024 ж. дейін орналастырылған материалдар қабылданады.
Байқау жеңімпаздары үш номинация бойынша анықталады:
- «Телеарнадағы үздік телерепортаж»;
- «Интернет БАҚ-тағы үздік материал»;
- «Мерзімді баспа басылымындағы және интернет кеңістігіндегі үздік лонгрид»
Байқау комиссиясының қорытындысына сәйкес әр номинация бойынша баспа және электронды БАҚ жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталады (әр номинация бойынша 3 жеңімпаз):
🥇 I орын – 700 мың теңге
🥈 II орын – 500 мың теңге
🥉 ІІІ орын – 250 мың теңге
Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде 2024 жылғы 1 - 30 қараша аралығында хаттың «Журналистер байқауына өтінім» тақырыбымен grazhdane.kz@mail.ru электронды мекенжайына қабылданады.
Анықтама телефондары: 8 7212 40 08 63 (сағ. 10.00-нан 18.00-ге дейін).