«Nomad Arena» спорт кешенінде облыс жамағаттары мен ҚМДБ-ның діни қызметшілерінің қатысуымен шағын футболдан турнирдің жаңа кезеңі бастау алды

«Nomad Arena» спорт кешенінде облыс жамағаттары мен ҚМДБ-ның діни қызметшілерінің қатысуымен шағын футболдан турнирдің жаңа кезеңі бастау алды

20 шілдеде «Nomad Arena» спорт кешенінде облыс жамағаттары мен ҚМДБ-ның діни қызметшілерінің қатысуымен шағын футболдан турнирдің жаңа кезеңі бастау алды. Өзара достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған шараға 11 команда қатысты.
Турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Әнет баба» мешітінің командасы жаңа чемпион атанса, екінші орынды өткен турнирдің жеңімпаздары «Бұқар жырау» мешітінің командасы, ал үшінші орынды «Төле би» командасы жеңіп алды.
Турнир қатысушыларына алдағы уақытта сәттілік тілей отырып, баршаңызды Қарағанды облысының дін істері басқармасымен ұйымдастырылатын спорттық және ақпараттық-түсіндіру іс-шараларына белсене қатысуға шақырамыз!