
Қарағанды облысының дін істері басқармасы діни экстремизмнің алдын-алу бойынша теолог мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қылмыстық-атқару жүйесі бөлімінің мамандары арасында «Ислам құқығы діндарлар арасындағы қылмыстың алдын алу құралы» тақырыбында екі күндік семинар ұйымдастырды.
Семинар Астана қаласы, Maqsut Narikbayev University жанындағы Ислам құқығы орталығының жетекшісі, дінтанушы, исламтанушы Сабдин Асқар Қалымжанұлының жетекшілігімен өтті. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.