Жат діни идеологияға қарсы ақпараттық акция

Жат діни идеологияға қарсы ақпараттық акция
Бүгін Қарағанды облысының дін істері басқармасы жанындағы орталық мамандары тұрғындар арасында жат діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған ақпараттық акция өткізді.
Акция барысында дәстүрлі және деструктивті діни ағымдардың айырмашылығын түсіндіретін парақшалармен қоса, «Коронавирустан сақтану жолдары», «В чем разница между изоляцией, самоизоляцией и карантином» және "Какие существуют методы защиты от нового коронавируса" секілді қазіргі уақытта маңызды болып отырған ақпараттар таратылды. Іс-шаралар Шығыс, Арай, Горняк базарларында өтті.