Діни бірлестіктері клубының мүшелері арасында шағын-футболдан дәстүрлі үшінші турнирі

Діни бірлестіктері клубының мүшелері арасында шағын-футболдан дәстүрлі үшінші турнирі

«Nomad Arena» спорт кешенінде облыстық діни бірлестіктері клубының мүшелері арасында шағын-футболдан дәстүрлі үшінші турнир өткізілді. Онда облысымыздың түрлі конфессия өкілдері қатысты. Аталмыш іс-шара конфессияаралық және қоғамдық бірлікті, сондай-ақ облыстағы діни бірлестіктердің арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды.
Турнир қорытындысы бойынша Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің командасы сайыс жеңімпазы атанып, «Ұстаздар» командасы екінші және облыстық «Әнет Баба» мешітінің жамағаты үшінші жүлделі орындарды иеленді.
Одан басқа «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік джокер», «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы» номинацияларының жеңімпаздарына диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.