Жастар ортасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Жастар ортасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Облыстың оқу орындарының «Жаһандық құзыреттілік» пәні оқытушылары мен психологтарының кәсіби деңгейін арттыру мақсатында дін істері басқармасы «Жастар ортасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, білім беру ұйымындарында ұлтаралық қатынастарды үйлестіру» тақырыбында екі күндік оқыту семинарын ұйымдастырды.
Лектор ретінде заң ғылымдарының кандидаты, экономикалық қауіпсіздік магистрі, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының профессоры Л.К. Аренова шақырылды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дәріс өткізілді, дәріскер ретінде Қарағанды облысының «Antikor» ақпараттық-талдау пулының спикері А.И. Сүлейменова шақырылды. Семинар барысында қатысушылар аталмыш саладағы жұмыс тәжірбиелерімен бөлісіп, проблемалық сұрақтар көтеріліп, олардың шешу жолдарын талқылады.