Оңалту жұмыстарына тартылған мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында дін істерібасқармасы тарапынан теолог-мамандар мен діни қызметкерлерге арналған екі күндік семинар өткізілді. Лектор ретінде PhD доктор Алматы қаласы «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігі Дін істері комитетінің республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Азамат Шутбайұлы Жамашев шақырылды.