Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелерін жария талқылауы

Сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың  нәтижелерін жария талқылауы

          2024 жылдың 16 мамырында сағат 11:00 -де Гоголь көшесі 34 мекенжәйы бойынша «Қарағанды облысының дін істері басқармасының Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай -Мекеме) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелерін жария  талқылауы жүргізілді.

       Қоғамдық талқылауға Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі Ниқанбай Иманғалиұлы Омарханов шақырылды.

      «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ (әрі қарай-Басқарма) басшысының 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 34 бұйрығына сәйкес Мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім қызметкерлер лауазымдарының тізілімі және конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау саласындағы нормативтік-құқықтық актілер қаралды.  

       Конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу мен талдауды жүргізуде Мекеме қызметінде мемлекеттік қызмет көрсетілмейтіндігі белгілі болды. Сонымен қатар, Мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. Қолданыстағы нормативтік - құқықтық актілер мәселелері талқыланып, заңнамалар бойынша қайшылықтардың жоқтығы анықталды.

     Басқарма басшылығы күнделікті жұмыста қандай да бір бұзушылықтарға жол бермеу туралы бірқатар тапсырмалар берді.