
Бүгін Қарағанды облысының дін істері басқармасының ғимаратында республиканың жетекші теологы А.Сабдиннің, «Қазақстан Республикасындағы терроризм мен экстремизмді зерттеу орталығы» ҚҚ президенті К.Бишмановтың, ҚР мәдениет қайраткері М.Абзелбаевтың қатысуымен «Дін саласындағы АТТ мүшелерін дайындау және қайта даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру» атты оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың негізгі мәселелері талқыланды, сонымен қатар шешендік өнер бойынша тренинг өтті.
Іс-шараға қалалық және аудандық ақпараттық-түсіндіру топтарының 70-тен астам мүшесі қатысты, қатысушылардың көпшілігі «Zoom» алаңындағы бейнеконференцияға қосылды.
Семинар соңында әдістемелік ұсыныстар беріліп, сертификаттар табысталды.