Діни бірлестіктер клубының отырысы

Діни бірлестіктер клубының отырысы

Қарағанды облысының дін істері басқармасымен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінің қорытындыларын талқылау» тақырыбына Діни бірлестіктер клубының биылғы жылғы алғашқы отырысы өткізілді. Клуб отырысының жұмысында діни бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыста 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді, оған облыстың тарихи орындарына бару, сонымен қатар, спорттық жарыстар, тимбилдингтер, пікірталас турнирін ұйымдастыру енгізілді. Одан басқа, Клуб жұмысының шеңберінде моральдық және қайырымдылық қолдау көрсету үшін түзету мекемелеріне, онкологиялық тубдиспансердің ауыр науқастарына, «Хосписке», «Қарттар үйіне» бару жоспарланды.