
Ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихаттау жұмыстарына тартылған мамандардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында дін істері басқармасы тарапынан құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне арналған «Діни себептер бойынша адамның қылмыстық мінез-құлқын зерттеудің инновациялық әдістері» және «Террорист қылмыскердің жеке басының психологиялық криминалистік талдауының негіздері» тақырыптарында екі күндік оқыту семинары ұйымдастырылды.
Лектор ретінде заң ғылымдарының кандидаты, экономикалық қауіпсіздік магистрі, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының профессоры Л.К. Аренова шақырылды.
Семинар барысында қатысушылар аталмыш саладағы жұмыс тәжірбиелерімен бөлісіп, проблемалық сұрақтар көтеріліп, олардың шешу жолдары талқылады.