Рамазан айында ұйымдастырылған қайырымдылық шаралар

Рамазан айында ұйымдастырылған қайырымдылық шаралар

28 мамыр күні төтенше жағдай мен карантин режимінде, соның ішінде қасиетті Рамазан айында Қарағанды қаласы мен оған жақын орналасқан елді-мекендерде қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, мыңдаған мұқтаж отбасыларға және қиын әлеуметтік жағдайға тап болған азаматтарға көмек қолын созған қоғамдық бірлестіктер мен белсенді азаматтарға Алғыс хаты тапсырылды. Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген Қарағанды облысының Дін істері басқармасының басшысы Д.Қ.Халел мен ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Ө.Қ.Бекқожа аталған іс-шаралардың Еріктілер жылындағы маңыздылығын ескере келе, мұқтаж азаматтарға көмек қолын созу халқымыздың «асар» ұғымымен ұштасатын дәстүрлі дүние екенін айтты.