Экстремистік және террористік қылмыстары үшін сотталғандарды оңалту іс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі оқыту онлайн семинары

Экстремистік және террористік қылмыстары үшін сотталғандарды оңалту іс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі оқыту онлайн семинары

Достар!
Бүгін Павлодар және Қарағанды облыстарының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталықтары басшаларының ұйымдастыуымен экстремистік және террористік қылмыстары үшін сотталғандарды оңалту іс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі оқыту семинары өткізілді.
Семинар «ZOOM» платформасында бейнеконференция режимінде өтті, оған 100-ден астам адам қатысты (сарапшылар, РАТТ мүшелері, қылмыстық атқару жүйе мекемелерінің қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен ҚМДБ жанындағы оңалту орталықтарының мамандары, теологтар, психологтар).
Семинар барысында психологиялық кеңес беру әдістері, экстремистік және террористік қылмыстар үшін сотталғандарды әлеуметтендіру және оңалту процесі талқыланды, сонымен қатар оңалту бағдарламаларын жетілдіру және деструктивті діни ағымдарды ұстанатындармен жұмыс жүргізудің жаңа әдістемесін енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралды.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай онлайн-конференцияларды республикалық деңгейде өткізуді одан әрі тәжірибеге енгізу сотталғандармен жұмыс жүргізуде қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің, оңалтушы мамандарға кәсіби құзыреттілігін арттыруға және жұмыс тәжірибесімен тиімді алмасуға ықпал етеді.