
Істің мән-жайына келсек, 2020 жылдың 30 наурызында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде деструктивті сипаттағы діни материалдарды сақтау фактісі анықталды.
Деструктивті діни ағымның жақтаушысы болып табылатын ауданның бір кентінің тұрғыны "Вконтакте" әлеуметтік желісінің жеке бетінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Дінтану сараптамасының теріс қорытындысын берген материалдарды жариялады. Сот қаулысымен ДРТ жақтаушысы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды, бұл 92 785 теңгені құрайды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тыйым салынған материалдарды сақтау және тарату әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.