
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары бекітілді (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020256).
Қарағанды облысының дін істер басқармасымен мемлекеттік қызметтердің 5 түрі көрсетіледі:
1. "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу";
2. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру»;
3. "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру");
4."Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру";
5. "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қызметті алушы дін істері басқармасының (Гоголь көш., 34) кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы және "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына өтініш бере алады.