
Наурызнаманың қайырымдылық, мейірімділік пен татулықты насихаттауға арналған күні мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді.
Шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, аймақтың барлық аудан, қалаларынан түрлі сала ардагерлері, еңбек адамдары мен көпбалалы аналар қатысты.