Жастары арасында «Өмірлік құндылықтар» тақырыбындағы психологиялық тренинг өткізілді

Жастары арасында «Өмірлік құндылықтар» тақырыбындағы психологиялық тренинг өткізілді

2024 жылғы 27-28 ақпанда құндылық бағдарларын дамыту және эмоционалдық келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында Абай қаласы мен Мичурин ауылдық округі жастары арасында «Өмірлік құндылықтар» тақырыбындағы психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг барысында өзінің тұлғалық құндылық көзқарастарын, жеке өмірлік құндылықтарды саналы түрде түсінуді және өмір жолын таңдауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру міндеттері қойылды. Спикер ретінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат миністірлігінің ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, психолог Мұқан С.М. сөз сөйледі.