Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылады

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылады

Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Аида Балаева дін саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Ізгілік пен рухани құндылықтарды насихаттауда дін саласының орыны ерекше. Дін – өте нәзік әрі маңызды сала. Ал, зайырлылық – көпконфессиялы және полиэтносты қоғамда бейбітшілікті сақтаудың жолы. Бұл тек мемлекетке ғана емес, сондай-ақ әрбір азаматқа да қажетті. Сондықтан қоғамның рухани мәселелерін шешуде бұл салада да бірлесе жұмыс істеуге тиіспіз.

Биылдан бастап Қазақстан қоғамындағы сын-қатерлерді ескере отырып, Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылады.

Тұжырымдамасы мемлекеттің зайырлы даму қағидатарын одан әрі нығайтып, мемлекеттік және конфессияаралық қатынастарды жетілдіреді, дін саласын реттеуде нақты қадамдарды анықтайды».