
Қарағанды облысының діни бірлестіктер клубының биылғы жылғы бірінші отырысы өтті. Іс-шара 2010 жылдан бастап ақпанның бірінші аптасында атап өтілетін Дүниежүзілік конфессияаралық келісім апталығына орайластырылды.
Отырыстың мақсаты Клуб мүшелері арасындағы қарым-қатынас пен толеранттылықтың басты құндылығы болып табылатын әр түрлі діндердің бірегей алуан түрлілігімен және негізгі постулаттарымен таныстыру болды.
Іс-шараға облыстың жергілікті діни бірлестіктерінің, Қарағанды облыстық «Полония» поляк қоғамының өкілдері, Қарағанды облысының ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, «Bolashaq» академиясының оқытушылары және «Индустриальная Караганда» БАҚ өкілі қатысты.