
Ағымдағы жылғы 22-23 қараша аралығында дін өкілдеріне арналған «Діни мәтіндерді түсінудегі мантық ілімнің маңыздылығы», «Жаһандану жағдайындағы ұлттық құндылықтардың маңызы" тақырыптарында екі күндік оқыту семинары өтті. Лектор ретінде облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы А.С. Темурбаев шақырылды. Семинар барысында проблемалық мәселелер көтеріліп, олардың шешу жолдары талқыланды.