Ағымдағы жылғы 22-23 қараша аралығында интернетте қарсы насихаттау және мақсатты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ететін мамандарға, журналистерге арналған «Интернет кеңістігіндегі қазіргі қиындықтар мен тәуекелдер», «Діни экстремизмнің алдын алу бойынша өзекті мәселелер», «Медиа сауаттылық мәселелері» тақырыптарында екі күндік оқыту семинары өтті. Лектор ретінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің Интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасының басшысы Ж.Ә. Долиев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Д.С. Полторенко шақырылды. Мамандардың әрқайсысы қажетті ақпаратты алды. Сондай-ақ семинар барысында қатысушылардың пікірлері тыңдалып, талқыланды.