Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған семинар

Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған семинар

Ағымдағы жылғы 7-8 қарашада облыстың қала және аудандардың ішкі саясат бөлімдерінің, конфессияаралық мәселелерді зерттеу және талдау орталықтарының мамандарына және ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған «Зайырлылық Қазақстандағы конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің негізі ретінде» тақырыбында екі күндік оқыту семинары өткізілді.
Лектор ретінде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы басқармасының Діни ахуалды талдау және мониторингілеу департаментінің бас сарапшысы Д.Ж. Жақиянов шақырылды.
Семинар барысында қатысушылар ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмыс әдістерін жаңғырту мәселелерін, сонымен қатар дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің психологиялық және мазмұндық аспектілерін талқылады.