Рухани келісім күні аясындағы дөнгелек үстел «Конфессияралық бірлік - рухани келісім негізі»

Рухани келісім күні аясындағы дөнгелек үстел «Конфессияралық бірлік - рухани келісім негізі»

2023 жылғы 18 қазанда «Аманат» партиясы ғимаратында Қарағанды облысы дін істері басқармасының бастамасымен, діни және этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен Рухани келісім күніне орай дөңгелек үстел өткізілді. 

Қоғамдағы бейбітшілік пен рухани келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараға діни және этномәдени бірлестіктердің басшылары қатысты.

Іс-шара барысында профилактикалық жұмыстарына жұмылдырылған дін қызметкерлері мен теологтар облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен, сонымен қатар жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы «Конфессияаралық бірлік – рухани келісім негізі» дебаттық турнирінің жеңімпаздары марапатталды.