
Қарағанды облысының дін істері басқармасының бастамасымен діни бірлестіктер дәстүрге айналған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акция аясында қайырымдылық шараларымен қарттар үйі, «ҚР Қызыл ай қоғамы» бірлестігінің Қарағанды облыстық бөлімшесі, онкологиялық аурухана пациенттеріне моральдық қолдау көрсетіліп, азық-түлік қоржындары табысталды.